Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Рационал сандарға амалдар қолдану
Рационал сандарға амалдар қолдану
Математика 6 сынып
Мақсаты: Рационал сандарға амалдар қолданып есептер шығара білуге үйрету
Жалпы мақсат: Рационал сандарда қолданылатын амалдардың әдіс - тәсілдерін меңгеру, есеп шығару барысында тиімді қолдана білу, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару.
Күтілетін нәтиже: А) Рационал сандарға амалдарды ретімен қолдана біледі
В) Есептің берілгені мен жауабы арасындағы байланысты ажырата біледі
С) Тақырыпқа байланысты есептерді шығара біледі.
Қолданылатын әдіс - тәсілдер Топтастыру, «ыстық орындық» "Түзетулерді орындау" Жұптық жұмыс "сұрақ" Топтық жұмыс "екінің бірі", «Кім жылдам?»

Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг
Шаттық шеңберін жасай отырып оқушыларды бір - біріне жақсы көңіл - күй тілейді, журналдағы сынып тізімі бойынша топтарға бөлінеді.

Білім
«Ойдан ой туады»
Үй тапсырмасы бойынша білім деңгейін анықтау.
Үй тапсырмасы «Рационал сандардың шығу тарихы» туралы тарихи мәліметтер бойынша әр топтан бір оқушы тапсырманы қорғап шығады.

Әр топқа әр түрлі тапсырма беру.
1 - топқа: рационал сандар туралы
2 - топқа: рационал сандарға қолданылатын амалдар туралы.
3 - топқа: рационал сандарды салыстыру, модуль туралы.
Топ мүшелері плакатқа түсіріп тақтада бір оқушы қорғайды.

Түсіну
«Рационал сандарға амалдар қолдану» тақырыбын
«Ыстық орындық» стратегиясы арқылы меңгерту.
Интерактивті тақтада берілген есептерді ауызша шығарып, ережелерді қайталату
– 3, 5 + (– 9);
– 1, 3 – ( – 0, 1);
39, 7 + ( – 12, 8) + (– 65, 3);
6, 2∙(- 0, 5);
(- 0, 25)∙(- 7)∙4;
−7: ( – 14) +1, 5;
7, 2: ( – 9)- 3.

Қолдану
«Кім жылдам» Оқулықпен жұмыс.
Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау дағдысын қалыптастыру. Деңгейлік тапсырмаларды орындайды.
А - деңгейі. В - деңгейі. С - деңгейі.
№638 8∙(- 3) = - 5+20 = - 3, 6: (- 6)+(- 1) = (- 76∙(7∙6 - 60))/((- 6)∙19)=
- 4∙0, 5 = - 2, 8+3, 2= 48, 1: (- 48, 1)- 2= (3, 5∙(- 2)- 2, 8)/(3, 5∙2, 8)=
- 3, 5∙(- 2) = - 5, 5:(- 11)= 3, 2: (0, 4∙0, 2)=
32: (- 4)= 11+(- 50)= (- 24, 6+13, 8): 2, 7=
(- 21): 3= - 5∙20= (48 - 57): 0, 9 =


V. Оқулықпен жұмыс. № 639 есеп.
1) (0, 6 - 1) ∙1, 5= - 0, 4∙1, 5=- 6 4) 1, 4: (- 7)+(- 0, 8)=- 0, 2+(- 0, 8)=- 1
2) (0, 25 - 1): (- 5)= - 0, 75: (- 5)=0, 15 5) 3, 5∙(- 2)+(- 8)=- 7+(- 8)=- 15
3) (1, 3 - 0, 5) ∙ (- 3, 5)= 0, 8 ∙ (- 3, 5)=- 2, 8 6) 5, 6: (- 4)+0, 4=- 1, 4+0, 4=- 1.

Тест жұмысы.
Қосуды орында:- 11, 6+(- 4, 8)
А/15, 9 В/ - 7, 1 С/- 16, 4 Д/ 7, 1
Азайтуды орында: - 4, 7 -(- 3, 1)
А/ - 1, 6 В/ 7, 8 С. 1, 6 Д/ - 7, 8
Амалды орында: - 5∙0, 3
А/ - 1, 5 В/ - 0, 15 С/ 15 Д/ 1, 5
Амалды орында: - 1, 2/((- 4))
А/ - 3 В/ 0, 3 С/ 3 Д/ - 0, 3
Теңдеуді шеш: - 5: а=- 10
А/ 2 В/ - 2 С/ 0, 5 Д/ - 0, 5
Қарама – қарсы сандардың қосындысы... тең:
А/ 0 В) 1 С/ - 1 Д/ - 2
Теңдеудің түбірін көрсет: |х|+1=4
А/ - 5; 5; В/ - 3; 3; С/ - 3 Д/ 6; - 6
–(-(-(- 74))) неге тең?
А/ - 74; В/ 74; С/ 0 Д/ - 47
- 30; 0, 2; - 9; - 0, 8 сандарының қайсысының модулі үлкен?
А/ 0, 2; В/ - 9; С/- 30 Д/- 0, 8
- 20; 0, 4: - 7, 4; - 2 сандарының қайсысының модулі кіші?
А/ - 20; В/ 0, 4; С/ - 7, 4 Д/ - 2

Сергіту сәті
Төмендегі сөздердің біреуі басқалардан бөлек. Ол сөз қайсысы?
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау
А) алгебра в) геометрия
С) арифметика д) физика жауабы: физика.

Талдау
«Екінің бірі»
Графикалық диктант және тест жұмысы. (жауапты иә немесе жоқ арқылы көрсету)
1. Екі теріс санның қосындысы оң сан.
2. Теріс санмен оң санның көбейтіндісі теріс сан
3. Оң санмен теріс санның көбейтіндісі оң сан
4. Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан

Жинақтау
«Жұптас - ойлан - бөліс» стратегиясы

Сабақты бекіту: Оқушылар бір - бірімен диалог орнату арқылы білімдерін жинақтайды, ой қорытады. «жұптас - ойлан - бөліс» стратегиясы бойынша «Рационал сандарға амалдар» тақырыбына диалог құрастыру
1. Қоссақ, қайта азайып
Көбейтсең тіпті кері кеткен
Қырсық еді – бұл неткен?!
(оң және теріс сан)

Бағалау
Формативті бағалау
Үйге тапсырма (1мин) № 641, 644 - 645 жұптары

Рефлексия
Сабақта оқушылардың көңіл - күйі көтеріңкі болды. Барлық оқушылар формативті бағаланды.
Жинақтау бөлімінде оқушылар шығармашылығы басым көрінді.

БҚО, Казталов ауданы,
Бостандық ОЖББМ
Бекмуханбетова А. С. - математика пәні мұғалімі

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама