Ресейлік рэпер Macan, шын есімі Андрей Косолапов, былтыр қарашада басталған әскердегі мерзімді қызметін аяқтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Музыкант Дзержинский атындағы жеке жедел мақсаттағы дивизияның «Витязь» арнайы мақсаттағы орталығында қызмет етті.
Әртіспен кездесуге достары мен әріптестері келді. Әскери бөлімнің жанына 15-тен астам адам жиналды. Олар досын жылы қарсы алып, құшақтап, қызметін аяқтауымен құттықтады. Содан кейін рэпер өзіне арнайы әкелінген жаңа көлікке отырды.
«Барлығы жақсы, рақмет», — деді Macan қызметтің қалай өткені туралы сұраққа жауап беріп.
Ол қалған әріптестерімен бірге дене, атыс және арнайы дайындықты қамтитын жас сарбаз курсынан өтті. Қызмет барысында Мәскеу өңірінде қоғамдық тәртіпті қорғаумен және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен айналысты.
Музыканттың Instagram парақшасына қарағанда, оның 2026–2027 жылдарға Ресей бойынша туры жоспарланған.


