Ресей Денсаулық сақтау министрлігі жыныстық құмарлықтың бұзылуын емдеу жөніндегі клиникалық ұсынымдарды бекітті. Науқастарды психиатриялық ауруханаларға жатқызғанға дейін емдеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы ресейлік Mash Telegram-арнасы жазды. Басылымның мәліметінше, емдеу жыныстық қиял мен мінез-құлық мазалай бастағанда, күнделікті өмірге кедергі келтіргенде немесе адамның өзіне және айналасындағыларға қауіп төндіргенде тағайындалады.

Клиникалық ұсынымдарға фетишизм, фетишистік трансвестизм, эксгибиционизм, вуайеризм, педофилия және садомазохизм енгізілген. Алайда емдеу осындай құмарлығы бар барлық адамға емес, қиял мен мінез-құлық мазалай бастаған, күнделікті өмірде қиындық туғызған немесе айналасындағыларға қауіп төндірген жағдайларда ғана қарастырылған.

Терапияны науқастың жағдайына қарай кезең-кезеңімен таңдау жоспарлануда. Бірінші кезеңде психотерапия қолданылуы мүмкін, қажет болса антидепрессанттар, ал ауыр жағдайларда тестостерон деңгейін төмендететін препараттар тағайындалады. Бұл гормонның деңгейін төмендету жыныстық құштарлықтың және онымен байланысты қиялдың қарқынын азайтуға мүмкіндік береді.

Жаңа ұсынымдар пайда болғанға дейін дәрігерлер 1999 жылғы құжатты басшылыққа алып келді. Ондағы емдеу әдістерінің ішінде, атап айтқанда, гипноз және өзін-өзі сендіру аталған. Алайда бұл құжат 2012 жылдан бері ескірген деп есептелген.

Бұған дейін «Курсив» 1Fit-тің арандатушы жарнамасы қазақстандық әлеуметтік желілерде үлкен резонанс тудырғанын жазған еді. Алайда біреулер роликті әдепсіздік үшін сынға алса, енді біреулер оны тапқыр маркетингтік қадам деп атады.