Ресейдің құқық қорғау органдары БАҚ пен әлеуметтік желілерде рэпер Денис Устименко-Вайнштейннің (Джиган деген лақап атпен танымал) қала сыртындағы үйінде атыс болып, адамдар кепілге алынды деген хабарламалар тараған соң тексеруге кірісті. Бұл туралы 23 қыркүйекте infohub.kz сайты хабарлады.

Ресей Ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша баспасөз қызметі полицейлердің музыканттың үйіндегі атыс туралы жарияланымға қатысты тексеру бастағанын мәлімдеді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары Джиган өз үйінде адамдарды кепілге алып, атыс шығарған деп жазған. 3 шілдеден 4 шілдеге қараған түні ол үй қызметкерлерін шақырып алып, қолына қару алып, олармен түсінісу жүргізгені айтылады.

Ол қызметкерлерді қылмыс жасады деп айыптап, өмірін сақтап қалу үшін мойындауға шақырған.

Басылымның дерегінше, Джиган бір қызметкерді балаларға зорлық-зомбылық жасады деп мойындауға мәжбүрлеп, кейін оған оқ атып, ер адамның қолы мен аяғына тигізген. Қалған қызметкерлерді рэпер сатқындық, ақпарат тарату және ұлтшылдық деп айыптаған. Сондай-ақ оларға қашуға мүмкіндік беріп, атыс шығарған.

Кейінірек Джиган БАҚ пен әлеуметтік желілердегі болған оқиға туралы жарияланымдар шындыққа сай емес деп мәлімдеді. Рэпер қызметкерлерге оқ атқанын жоққа шығарады. Сонымен қатар әртіс қазір оңалту орталығында жатқанын растады.

Джиганның бұрынғы әйелі — блогер әрі инфлюенсер Оксана Самойлованың адвокаты рэперді ата-аналық құқығынан айыру мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді.