Ресей мен Қазақстан Жайық өзенін құтқару бойынша бірлескен бесжылдық бағдарлама дайындап жатыр. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлады.
Орынбор облысының билігі Жайықтың экожүйесін қалпына келтіру үшін қазақстандық мамандарды тартуды көздеп отыр. Бұл келісімге Ресей табиғи ресурстар вице-министрі Дмитрий Тетенькин мен Қазақстан экология вице-министрі Мансұр Ошурбаев кездесуінде қол жеткізілді.
2027–2032 жылдарға арналған Жайық экожүйесін қорғау бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосу жоспарлануда. Негізгі міндеттер — су сапасы туралы деректер алмасу, тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту. Екі ел арасындағы келіссөздер жалғасады.
Бұған дейін гидролог Михаил Болгов Сібір өзендерін Қазақстанға бұру — қымбат тұратын жоба, ол Орталық Азияда су дағдарысы туындаған жағдайда ғана қарастырылатынын атап өткен еді.


