Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Владимир Путиннің Курил аралдарына сапарына қатысты Жапонияның мәлімдемелерін сынға алып, Мәскеуге елшінің шақыртылғанын хабарлады, деп NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды. Бұл туралы infohub.kz сайты мәлім етеді.
СІМ басшысы Токионың Ресей президентінің Итуруп аралына сапарын сынауын айыптады. «Біздің жапондық әріптестеріміз, көршілеріміз, әрине, президенттің Ресей аумағының кез келген бөлігіне бара алмайтыны туралы мүлдем қабылданбайтын мәлімдемелерімен әдептілік шегінен асып түсті», — деді Лавров баспасөз мәслихатында.
Ол Жапония басшылығын «Мәскеуге шабуылдаудың орнына ішкі істерімен айналысуға» шақырды. Оның айтуынша, Токио «халықаралық құқықты өзіне және АҚШ-қа бейімдеп өзгертуге тырысып, тарихи жауапкершіліктен қашып, өз конституциясын бұзуда».
«Үш бейбіт принцип, конституцияға қайшы келетін шетелдегі әскери операцияларға қатысуға тырысып жатқан армия — бұл үлкен алаңдаушылық тудырады», — деп қосты Лавров.
Ол сондай-ақ Ресей СІМ Мәскеудегі Жапония елшісі Акира Мутоны шақыртқанын айтты. Министр дипломаттың Смолен алаңына келіп, «оған жұмысты қалай жүргізу керектігін түсіндіруі тиіс» екенін атап өтті.


