Украина астанасы Киевке ресейлік күштердің түнгі шабуылынан кемінде үш ауданда өрт шықты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Қала әкімі Виталий Кличконың айтуынша, баллистикалық зымырандармен соққы жасалған. Әуе дабылы шамамен 50 минуттан соң алынып, әскери әуе күштері зымыран қаупі туралы ескертуді алып тастады.

Кличко орталық аудандағы көпқабатты үйдің жетінші және сегізінші қабаттарында өрт шыққанын айтты. Бейресми арналар қаланың әр түкпірінде өрт болғанын хабарлады.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы деректер әзірге жоқ. Reuters агенттігінің куәгерлері қайталанған жарылыстарды естігендерін хабарлады.

Украина президенті Владимир Зеленский жұма күні Ресейдің алдағы 48 сағат ішінде жаңа шабуылдар жасауы мүмкін екенін ескертті.