Қазақстандық Ne Prosto Orchestra музыкалық ұжымының Instagram әлеуметтік желісіндегі жарияланымына қатысты Республика сарайы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Бұған дейін музыканттар бірнеше айдан бері тиімсіз жалдау шарттарына байланысты Алматының басты алаңдарында өнер көрсете алмай жүргенін мәлімдеген еді. Ne Prosto Orchestra-ның әлеуметтік желідегі жарияланымына орай Республика сарайы мынаны хабарлады.
«2018 жылы "Алматы әуендері" КМҚК Республика сарайында билеттерді брондау мен сатудың автоматтандырылған кешенін енгізді. Бүгінде кәсіпорынмен 7 бөгде билет операторы (Kassir.kz, Ticketon.kz, Zakazbiletov, "Билеты Астаны", Kino.kz, Topbilet.kz және Kassy.kz), сондай-ақ кәсіпорынның ресми сайты мен кассалары жұмыс істейді, олардың әрқайсысы билеттің өзіндік бірегей кодын қалыптастырады. Бірыңғай интеграциялық контур болмаса, кәсіпорын кіреберісте билеттерді тексерудің 7 дербес жүйесін қамтамасыз етуге мәжбүр болар еді. 2% комиссия билет операторларымен жасалған шарттарға сәйкес бірыңғай билет жүйесін пайдаланғаны үшін алынатынын атап өткен жөн. Бұл сома іс-шараларды ұйымдастырушылардан тікелей алынбайды. Сонымен қатар билет операторлары өз қызметтері үшін (6-дан 20%-ға дейін) белгілейтін сервистік алымдар мен өзге де сыйақы мөлшерін олар өз бетінше айқындайды және оны кәсіпорын реттемейді», — делінген мәлімдемеде.
Республика сарайында аталған комиссиядан түскен қаражат кәсіпорынның ресми есепшоттарына түсетінін атап өтті. Бұл қаражат еңбекақы төлеу қоры бойынша төлемдерге, СКУД жүйесін, серверлік инфрақұрылымды қызмет көрсетуге және тағы басқаға жұмсалады.
«Осылайша, Ne Prosto Orchestra командасының дәйектері расталмайды. Ne Prosto Orchestra 2018 жылдан бері Республика сарайында орындарды брондау, билеттерді сату мен есепке алу, сондай-ақ көрермендердің кіруін бақылау үшін кәсіпорынның инфрақұрылымын пайдаланып, билеттерді түрлі сату арналары арқылы өткізіп, көптеген іс-шара өткізді», — деп қорытындылады Республика сарайында.


