Пуэрто-рикандық поп-әнші Рики Мартин Алматыдағы тұңғыш концертінің қарсаңында Қазақстанға келді, деп хабарлайды infohub.kz.
Instagram-дағы парақшасында әнші ұшақтан түсірілген сторис жариялады. «Қазақстан! Біз осындамыз», — деп жазды ол.
Рики Мартиннің концерті ертең Алматыда өтеді. Бұған дейін әнші қазақстандық жанкүйерлеріне үндеу тастап, кездесуді асыға күтетінін жеткізген еді.


