Қазақстандық әнші Ринат Шамшырақ жаңа туған ұлымен видео жариялап, үш бап бойынша жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды infohub.kz.

Бірнеше апта бұрын әке атанған әнші Instagram-дағы видеода баласын арнайы құрылғысыз алдыңғы орындыққа жатқызып қойған, ал жұбайы артқы орындықта отырған. Оқырмандар бала тасымалдау ережесін бұзғаны үшін әншіні сынға алды.

Pro.pravo.kz аккаунты Threads желісінде бұзушыны жазалауды сұрап, Алматы қалалық полиция департаментін белгілеп: «Жол жүрісі ережесін бұзғаны үшін шара қолданып, бала мүддесіндегі ақпаратты қамқоршылық органдарға беріңіздер... Қамту санын қуу үшін қорғансыз балалар зардап шекпеуі керек!» деген.

Алматы полиция департаменті жүргізуші мен жолаушыға баланы арнайы ұстағыш құрылғысыз тасымалдағаны, көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды пайдаланғаны және қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктелгенін хабарлады. Жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.