Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Ұлттар лигасындағы матчта бас бапкер оны алаңға шығармағаннан кейін ұлттық команданың жаттығуына қатыспады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Себебі — футболшының наразылығы: 27 қыркүйекте ол Норвегияға қарсы 2:1 есебімен аяқталған матчтың барлығын қосалқы орындықта өткізді. Роналду 18 жыл ішінде алғаш рет құраманың ресми ойынында алаңға шықпады. Осыдан кейін ол жаттығуға келмеді, бұл командада шиеленіс тудырды.
A Bola басылымының жазуынша, бапкер Роналдуға оны матчтың соңғы 30 минутында алаңға шығаратынын айтқан. Футболшы қыздырынуды бастаған, алайда алаңға шықпады. Соңғы ысқырықтан кейін ол көңілінің қалуын жасырмай, жанкүйерлерге алғыс айтпастан бірден киім ауыстыратын бөлмеге кетті.
Бас бапкер Жорже Жезуш пен Роналду қақтығысты реттеу үшін кездесті. Әңгіме «оң әсер қалдырғаны» атап өтілді.
Бұған дейін атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналду ұлттық құрамадағы мансабын қашан аяқтауды жоспарлап отырғанын айтқаны хабарланған.


