Ресей Украинадағы жанжалды саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге және жаңа ұсыныстарды талқылауға дайын екенін растады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Брифингте Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова: «Біз өз тарапымыздан Украина дағдарысын саяси-дипломатиялық жолмен реттеуге дайын екенімізді растаймыз, біз бұдан ешқашан бас тартқан емеспіз, бірақ өзара түсіністік негізінде, оның ішінде Аляскада қол жеткізілген келісімдерді ескере отырып», — деді. Сондай-ақ ол Мәскеу реттеу бойынша ықтимал бастамалар мен ұсыныстарды талқылауға дайын екенін атап өтті: «Біз бұдан ешқашан бас тартқан емеспіз».
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Омбыда Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесуде әскери іс-қимылдарды тоқтатуға шақырған болатын. Ресей Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Тоқаевтың сөздері олар үшін күтпеген жағдай болмағанын айтты. Ал Украина Сыртқы істер министрі Андрей Сибига Қасым-Жомарт Тоқаевты Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырғаны үшін алғыс білдіріп, бұл мәлімдемені «шынайы, уақтылы және дана сигнал» деп атады.


