Рудный қаласындағы пәтерлердің бірінде ер адамның мәйіті зорлық-зомбылық белгілерімен табылды. Тергеу басталды, деп хабарлайды infohub.kz.

Қостанай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Рудный қаласындағы пәтерде 56 жастағы ер адамның мәйіті зорлық-зомбылық белгілерімен табылған соң, полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын және қылмыс жасауға қатысы бар тұлғаны анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде", — деп мәлімдеді Қостанай облыстық полиция департаменті.

Тергеу мүддесіне орай ведомство өзге ақпаратты жарияламайды.