- 16 нау. 2016 00:00
- 284
Ричард Брэнсонның бойыңды рухтандыратын 11 даналық сөзі
Ричард Брэнсонға таңдана және сүйсіне қарамау қиын. Ол ерекше кәсіпкер, арманшыл әрі жеңімпаз адам. Брэнсонды спикер ретінде жиі шақырады, себебі оның сөздері шынымен қанаттандырады. Бизнесменнің біз ұсынып отырған қанатты сөздері сізді рухтандырып, ынтаңызды арттырады.
Өзіндік ерекшелік жайлы
Мен үшін бизнеспен айналысу бұл костюм киіп, стейкхолдерлерге жарбаңдау емес. Ең бастысы, өз-өзіңе, идеяларыңа адал болу және басты мәселелерді назарда ұстау.
Позитивті көзқарас жайлы
Менің өмірлік ұстанымым – әр минуттан ләззат алу. Мен «О, құдайым, бүгін мынаны жасауым керек» деген оймен ешқашан ештеңе істемеймін. Бизнесмен өз ісін үлкен қызығушылықпен істеу керек, оған бәрі ұнау керек. Бұл шығармашылық қабілетті арттырады.
Кәсіпкерлік жайлы
Кәсіпкерліктің бар мәні – сені толғандыратынның бәрін қаржыға айналдыру, сол салада жетістікке жету және алға ілгерілеу. Менің ойымша, бір сарынды жұмыс пен сағаттап бір жерде отыру – бұл жалпы кәсіпкерлік рухқа жасалған қиянат.
Адамдар жайлы
Адамдарға шынайы қамқор болу өте маңызды. Сіз егер адамдарды жақсы көрмейтін болсаңыз, жақсы көшбасшы бола алмайсыз. Оларды жақсы көрген жағдайда ғана жақсы қасиеттерін байқай аласыз. Бизнес — бұл адамдардың өмірін жақсарту үшін ойлап табылған жай ғана идея.
Сын-тегеурін жайлы
Менің өмірге деген қызығушылығым өзіме ақылға сыймайтын сынақтар ұйымдастырып, соларды бағындыруымнан туындаған.
Маған жігер беретін не? Әрі қарай да өзіме сын-сынақтар жасау. Мен өміріме университеттегі шексіз оқу сияқты қараймын: күнделікті жаңа бірдеңеге үйренемін.
Жалпы барлығы жайлы
Бойыңа мақтаныш сыйлайтын бірдеңе жасап шығару. Бұл менің бизнестегі пәлсапам десем болады. Шын айтсам, мен ешқашан көп қаржы табу үшін бизнеспен айналысқан емеспін. Егер бұл басты себеп болса, онда ештеңе істеудің қажеті жоқ.
Мен жұмысты жұмыс деп, ал көңіл көтеруді көңіл көтеру деп қабылдамаймын. Мұның бәрі өмір.
Сайттағы барлық нақыл сөздер: Ұлағатты сөздер
Ал сізді қандай тұлғалардың cөздері, өмірі, биографиясы жігерлендіреді?