Коучинг сабақтың тақырыбы: Сабақтағы кері байланыс
Жалпы мақсаты: Әріптестер арасында оқыту мен оқуды жетілдіру үшін оқушылардың рефлексивті іс-әркетінің тиімділігі туралы тәжірибе алмасу арқылы тиімді ұйымдастырылған кері байланысты маңыздылығын ұғындыру, тәжірибелеріне енгізуге бағыт - бағдар беру.
Күтілетін нәтиже: Сабақтағы кері байланыстың тиімділігін түсінеді. Күнделікті сабақ соңында оқушылардан кері байланыс алады. Келесі сабақтың жоспарын құруда, оқушылардың ұсыныстарын ескереді. Әрбір мұғалім өзіне есеп беруге дағдыланады.
1. Топтау: COFFEE - BREAK әдісі арқылы топтау. Тыңдаушыларға түрлі - түсті ыдыспен кофе ұсынылады. Әрбір тыңдаушыға жылы - шыраймен ұсыну. Тыңдаушыларға енді кофелерін өз туыстарымен бірге ішу ұсынылады. Бұл топтау тыңдаушылар арасында жылы қарым - қатынас орнатуға тиімді
2. Слайдпен жұмыс:
Рефлексия мен кері байланыс туралы мәлімет беру.
3. Іс - тәжірибеден көрініс:
1. Мұғалімнің түснікті бағалауы, кері байланысымен. Яғни мұнда мұғалім не үшін тиісті бағаны қойғандығы жөнінде бағадан соң қысқаша кері байланыс жасаған.
2. Оқушыға түсініксіз бағалау түрі.
Бұл жұмыста оқушы не үшін тиісті бағаны алғандығы жайлы еш ақпарат жазылмаған.
3. Топтық жұмыс:
«Сабақта кері байланыстың тиімділігі». 4 топ осы тақырыпта өз жұмыстарын қорғайды.
Жұмысты түрлі бағытта қорғау ұсынылады. Барлық топты формативті бағалау.
4. Сабақтағы кері байланыстың қандай мақсатпен алынатыны жайлы, оның қандай түрлері болатыны жайлы мәлімет беру.
5. Кері байланыстың мұғалімдер және оқушылар үшін маңызы жайлы мәлімет беру.
6. Кері байланысты ұсынғанда және оны алғандағы ұстанатын басты ережелермен таныстыру.
7. Қазіргі кезде сабақта қолданылатын кері байланыс түрлерімен таныстыру, әрқайсысын жете түсіндіру.
8. Шығармашылық жұмыс:
Әрбір топ ерекше бір кері байланыс түрін ойлап табу. Формативті бағалау.
9. Ширату. Алдын ала қатысушылар отыратын столдар астына «Ана», «Бала», «Хит» деген парақшалар жапсырылады. Аты айтып тұрғандай әр топ өз тақырыптары бойынша өлең айту керек. Бұл жаттығуда тыңдаушылар біраз сергіп қалады.
10. Кері байланыс парағын толтыру. Бұл жерде әрбір тыңдаушы өтілген коучинг жұмысына, коучке кері байланыс жазады.
11. Қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айтып, ерекше көзге түскендерін мадақтап, өтілген коучинг материалдары салынған дискіні алғыс айтып таратып беру.
Сабақтағы кері байланыс жүктеу
Сабақтағы кері байланыс
Коучинг сабақтың тақырыбы: Сабақтағы кері байланыс
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз684 қаралым
#сабақтағы кері байланыс#коучинг жоспары#ұстаздарға әдістемелік көмек
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

