Қазақ тілі 8 сынып
Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
Осысабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
Сабақтас құрмалас жайлы мәлімет беру. Сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқысын ажырата білу және жаттығулардан таба алу. Сабақтас құрмаластың жасалу жолдарының ерекшелігін анықтау.
Құндылықтарды дарыту: Өнер туралы ой бөлісу
Пәнаралық байланыстар: Музыка
АКТ қолдану дағдылары
Бастапқы білім: Саластан өткенді қайталау
Сабақтың басы
Басталуы
І. Ұйымдастыру
• Оқушылармен амандасу.
• Шаттық шеңберін құрып, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Үй тапсырмасын сұрау.
Қызығушылығын ояту.
Семантикалық карта Сәйкестендіру
Мысалдар
Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.
Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ еді.
Кейде қар жауады, кейде боран тұрады
Күндіз олар өзіне жем іздейді, не өзінің басқаға жем болмауын көздейді
Жұрттың бәрі соған қарай дүрлікті: біреу қолын бұлғады, біреулері оның атын атап айғайлады.
Құнанбай Ұлжан қасына отырды да, Мәкеш пен Абайдың жүзіне қарады.
Шалабай ұзақ жүре алмас, үкімет құрығы ұзын.
Мені жұмсаған жоқ, өзім келдім.
Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
Сабақтың ортасы
Міне, білімге құштар оқушылар, біз құрмаластың тағы бір түрімен танысқалы отырмыз. Күнделікті қолданып жүрген сөйлемдердің құрылымына зерделей қарап, құрамындағы жай сөйлемдердің байланысына мән беру, құпиясын ашу өздеріңе де ашу қызық болар. Сабақтас құрмалас сөйлемнің қызықты әлеміне қош келдіңіздер!
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты салалас құрмалас сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемнен ажыра білу және сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолын меңгеру болып табылады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз
Сабақтас құрмаластың құрамындағы бірінші сөйлемнің баяндауышы тиянаақсыз тұлғада келетіндіктен, ол өз бетімен жеке сөйлем бола алмай, келесі жай сөйлемге бағына байланысады.
«Ы. Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі пен әдебиеті пәні мұғалімі Ережепова А. Т.
Сабақтас құрмалас сөйлем жүктеу
Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақ тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз596 қаралым
#сабақтас құрмалас сөйлем#сабақтас құрмалас сөйлемдегі бағыныңқы мен басыңқысын ажырата білу
Ұсынылады
Жасанды интеллект және қазақ тілі: Талғарда маңызды жиын өтті
Талғар ауданында жасанды интеллект дәуірінде ана тіліміздің тағдыры мен рухани құндылықтар мәселесі талқыланды. Жиында қазақ тілінің цифрлық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары қаралды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 19 наурыз
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері
Бейімбет Майлин – қазақ әңгімесінің қас шебері.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
ХІХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіне шолу
Қазақ әдебиеті 9 - сынып
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

