- 20 мам. 2017 00:00
- 356
Салмақ қосуыңызға себепші, күнделікті 5 әдет
Сіз фастфуд пен тәтті жемегеніңізге көп болды және спортпен жиі шұғылданасыз, бірақ бірнеше артық салмақ жабысып қалғандай. Әдетке айналған кейбір дағдылар сіздің салмақ тастауыңызға кедергі болады. Bilim-all.kz бас тартуға уақыт келген, 5 әдетті жинады.
1. Сіз тіптен көп ұйықтайсыз
© pixabay
Ұйқының жетіспеушілігі, семіруге әкелетін кортизол гормонын шақырады. Бірақ көп ұйықтау – бұл да жақсы нұсқаға жатпайды. PLOS One журналының зерттеулеріне сәйкес, тұрақты ұйқы мөлшерінің ұзақтығы 10 сағаттан асса, дене салмақ индексінің артуына әкеп соғады. Дәрігерлер дәл 7-9 сағат ұйықтауға кеңес беруі тегіннен емес.
2. Сіз қараңғыда жиналасыз
© pexels
Ояна салып бірден жалюзиді немесе терезе пердені ашыңыз. PLOS One журналының зерттеулеріне сәйкес, таңғы күн сәулесінің көгілдір толқыны ағзаның оянуына және метаболизмді бөлуге жәрдемдеседі. Тіптен таңғы 20-30 минут күн сәулесінің өзі ДСИ (ИМТ) әсер етеді.
3. Сіз төсегіңізді жинамайсыз
© pexels
АҚШ-тың Ұлттық Ұйқы қауымдастығының зерттеуі көрсеткендей, сіз әр күн сайын төсегіңізді салып және қайта жинасаңыз жақсы ұйықтайсыз. Ғажап, бірақ бұл солай. Ал жақсы ұйқы – салауатты салмаққа жетудің тез жолы.
4. Сіз өлшенуді ұмытасыз
© BridgetJonessDiary
Корнелль университетінің зерттеулері дәлелдегендей, күнделікті өлшену тиімді салмақ тастауға септігін тигізеді. Өлшенуге ең тиімді уақыт бұл – таңертең: денедегі судың мөлшері аз болғандықтан, өлшеулер дәл болады.
5. Сіз таңғы асты аз ішесіз
© pexels
Тель-Авив университетінің зерттеулері көрсеткендей, таңертең біз тәтті тамақтардан тартынбауымыз қажет. Құндылығы 600 калориядан тұратын ақуыз, көмірсулар мен азғантай десертті таңғы ас күні бойы сіздің тамақтану режимін жақсы сақтауға ықпал береді.