Аппақ іңір тауларды ойлантқан ба?
Аспанға сүт әлдекім қайнатқан ба?!
Кілегей тұр меймілдеп қаймақтанған.
Жайлау еді,
Жайлы бір іңір еді,
Жұлдыз тамып кетердей, кідіреді.
Өзеніне асыққан өрім-бұлақ,
Төмен қарай төскейден жүгіреді.
...Қай тұста еді, құдай-ау, қай маңда еді?!
Маған кұшақ сол жанның жайған жері?
Алғаш біздер ақ гүлін таптап кеткен,
Қай маңда еді, жастықтың сайран-белі?!
Таулар да тұр, баяғы бұлақ та бар,
Өзің жоқсың, бірақ та сыр ақтарар.
Іздемей-ақ қояйын сол орынды,
Аттанам ғой ақыры, жылап қалар...

