Android жүйесіндегі жүздеген смартфонның ішінен тек бір моделі ғана жиынтық сипаттамалары бойынша Apple-дың топтық флагманы деңгейіне жақындай алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты. iPhone 18 Pro Max-тың басты әрі ең теңгерімді бәсекелесі ретінде Samsung Galaxy S26 Ultra танылды.

Құрылғы қуатты Qualcomm Snapdragon 8 Elite Gen 5 процессорын, 16 ГБ-қа дейінгі жедел жадты, 5000 мАч сыйымдылықтағы аккумуляторды және бөгде адамның көзінен бейнені жасыратын Privacy Display технологиясы бар сапалы экранды алды. Материал авторларының пікірінше, бұл флагман жаппай нарықта аппараттық бөлік пен жетілдірілген One UI 9 прошивкасының ең үздік үйлесімін ұсынады.

Сонымен қатар оңтүстіккореялық флагман әлі де бәсекелесінен маңызды тұстарда артта қалып отыр. 2 нм техпроцеспен жасалған Apple-дың A20 Pro чипі өнімділік сынақтарында Qualcomm платформасынан басым түседі. Бұған қоса, Galaxy-дың 200 Мп негізгі сенсоры болғанына қарамастан, iPhone 18 Pro Max бейнежазба сапасы бойынша көшбасшылығын сақтап отыр.

Басқа модельдер әзірге толыққанды бәсеке құра алмайды. Google-дың Pixel 11 Pro XL флагманы Tensor G6 чипінің төмен өнімділігімен көңіл қалдырды, ол сынақтарда тіпті ескі құрылғылардан да артта қалады. Өз кезегінде қытайлық Xiaomi 18 Pro Max неғұрлым жаңа Snapdragon 8 Elite Gen 6 чипін және қосымша артқы дисплейді ұсынады, бірақ АҚШ пен Канада операторларында ресми түрде сатылмайды, ал оның Android 17 негізіндегі HyperOS жүйесі әзірге Apple мен Samsung флагмандарының стандарттарына ыңғайлылығы жағынан жетпейді.