Samsung компаниясының жаңа буын ақылды сағаттары — Galaxy Watch Ultra2 және Galaxy Watch9 — Qualcomm Snapdragon Wear Elite процессорымен, жарықтылығы 5000 нитке дейінгі дисплеймен және жақсартылған автономдылықпен жабдықталған. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.
47 мм диаметрлі Galaxy Watch Ultra2 моделі экстремалды спорт түрлеріне арналған. Бұл Samsung компаниясының Qualcomm Snapdragon Wear Elite платформасына негізделген алғашқы сағаты. Корпусы алдыңғы үлгімен салыстырғанда 12%-ға жұқарған. Аккумулятор сыйымдылығы 800 мАч құрайды, бұл 35%-ға көп, ал экранның ең жоғары жарықтылығы 5000 нитке жетеді. Таулы жерлерде жүгіруге арналған Trail Run атты арнайы функция биіктік өзгерістері мен көтерілу барысын нақты уақытта көрсетеді.
Екінші құрылғы — Galaxy Watch9 — күнделікті физикалық белсенділікті бақылауға арналған. Екі модель де жеке ЖИ-көмекшілер ретінде жұмыс істейді: пайдаланушының өмірлік көрсеткіштерін талдап, денсаулық жағдайы туралы уақытылы хабарламалар жібереді. Жаңа өнімдердің тұсаукесері Samsung Galaxy Unpacked жазғы іс-шарасы аясында өтті.


