Samsung компаниясының тарихы: Корея техникасы
Заманауи жаһандық экономиканың алпауыттарының бірі Samsung өнеркәсіптік тобының тарихы, 1938 жылы Корей елінде басталды. Тэгу қалашығының іскер тұрғыны саудагер Бьонг Чхуль Ли өз кәсібін кеңейтуге шешім қабылдап, қытайлық серіктестерімен бірге күріш саудасымен айналысатын фирманың негізін қалайды. Ісі оңға басып, компания қызметтің барлық жаңа салаларын игеріп, штаты ұлғайды, ал 1948 жылы кәсіпорынның атауын Samsung Trading Co деп өзгертті.
Күріштен гөрі жартылай өткізгіштер жақсы
Фирма тарихындағы нағыз шарықтау кезеңі 1969 жылы, ол жапонияның Sanyo компаниясымен бірлесе Оңтүстік Кореяда ақ-қара түсті жапон теледидарларын құрастыру бойынша цех ашқан уақытта орын алды. Осылайша 1973 жылы Сувон қаласында әр түрлі тұрмыстық электроникалардың толыққанды ауқымды өндірісі жолға қойылды, ал бірлескен кәсіпорын толығымен Samsung Trading Co кәсіпорнының бақылауына өтіп, Samsung Electronics корпорациясына айналды.
Тұрмыстық электроника нарығындағы өз қызметін ең басынан бастаған Samsung Electronics бірнеше жылдан кейін бұл нарықты елеулі орын ала бастады. Жабдықтауға Sanyo технологиясын алып, кейіннен жартылай өткізгіштер өндірісіне тұрақтала отырып, корпорация уақыт өте келе әлемдегі ірі әрі танымал электроника өндірушілердің біріне айналды.
Бүгінгі күні Samsung бөлімшелері бірлесе әрекет етпейтін өнеркәсіп саласын табу оңайға соқпас. Бұл бренд түрімен барлығы дерлік өндіріледі: қысқа толқынды пештер мен тостерлерден бастап сандық фотокамералар мен стереожүйелерге дейін, автомобильдерден бастап мұхит кемелері мен ұшақтарға дейін. Оңтүстік Кореяның ішкі нарығында Samsung Group қаржылық операциялармен де, сақтандыру және күзет қызметімен де айналысады, нәтижесінде ел бюджетінің 50%-ынан астамын қалыптастырады. Корпорацияның бүкіл әлемдегі өкілдіктерінде жарты миллионға жуық жұмысшылар еңбек етеді, ал Samsung Electronics-тің штаб-пәтері орналасқан оңтүстік кореялық Сувон қаласын бұрыннан-ақ «Самсунг-Сити» деп атайды.
Атауының мағынасы
Samsung (самсон деп оқылады) сөзінің шығу тегі туралы бір мағыналы нұсқасы жоқ, алайда корей тілінен аударғанда «үш жұлдыз» дегенді білдіреді деген нұсқасы көбірек таралған. Корпорация атауының таңдалуы компанияның негізін қалаушы Бьонг Чхуль Лидің үш ұлына қатысты болуы мүмкін, олардың бірі Кун Хи Ли қазіргі уақытта өнеркәсіптік топты басқарады.
Айтпақшы, компанияның ертеректегі логотиптерінде дәл сол үш жұлдыздың суреті бар болатын. Алайда 1993 жылы Samsung бастапқы логотип халықаралық корпорацияның бет-бейнесіне сай келмейді деп санап, оны ауыстыруға шешім шығарады. Міне дәл сол уақытта қазіргі уақыттағы біздің көзіміз үйренген – серпіле иілген көк эллипстің ішіне фирма аты жазылған танымбелгі жарыққа шықты. Тамаша дизайн мен ауқымды жарнамалық науқан өз жұмысын орындады: логотип әлемдегі ең танымалдылардың біріне айналды. Алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының жарнамалаушы-студенттері бүгінгі күні Samsung логотипін ауыстыруды нағыз сәтті шыққан ребрендинг ретінде қарастырады.
Жаңа танымбелгіні жасау кезінде шығыс философиясы да шет қалған жоқ. Samsung маркетологтарының нұсқасы бойынша, «логотиптің элиипстік пішіні үнемі жаңару мен жетілдіру идеясын көрсете отырып, кеңістіктегі әлемдік қозғалысты білдіреді».
Фотосүйгіштік
Әуесқой фототехника нарығына шығу көптеген табыс әкелуі мүмкін екендігі туралы Samsung Electronics-тің бизнес-стратегтері 1970-жылдардың ортасында ойлана бастады. Сол ой жетегінің нәтижесі – 1979 жылы алғашқы Samsung фотоаппараттары пайда бола бастады. SF-A үлгісінің айқын кескін беретін қабілеті болған жоқ: ол жай ғана жарқылдағы бар жақсы «айғыздағыш» болды, оны бәрі пайдалана алатын. Алайда компания техникалық шеберлік жасауға ұмтылған да емес – басты міндет тұтынушы халық үшін қарапайым фотокамера өндіру болатын. Және де тұтынушы бұқара халық қызығушылықпен қабылдады, өйткені Samsung-тың алғашқы камералары өз тобы үшін аса қымбат емес, басқаруға барынша сенімді және қарапайым болатын.
Шағын Samsung фотокамераларының одан әрі дамуы фототехнологияның дамуымен қатар жүрді: барынша қуатты жарқылдақтар, үлдірді орындауға арналған моторлар, ДХ-кодтарды автоматты түрде санау функциясы, «көздің қызаруынан» сақтау жүктелетін қызыл лампалар, сонымен қатар толыққанды автофокус және айнымалы фокустік арақашықтығы бар объективтер – зумдар пайда болды. Samsung өнімі барлық осы жаңалықтармен дами отырып, басқа камералардың арасында аса ерекшелене де қойған жоқ, алайда функционалдылығы мен сапасы жағынан осы саладағы алдыңғы қатарлы тауар өндірушілердің «бір классты» үлгілерінен артта қалған емес.
Әуесқойлық жинақты жетілдіре отырып, Samsung инженерлері жоғары классты оптиканы пайдаланбайынша нақты сапалы кескін алу мүмкін еместігін жақсы түсінді. Өндірісті қайтадан жақсы оптикалық әйнектен бастау – үлкен қаржылық және интеллектуалдық ресурстарды талап ететін төтенше машақаты көп жұмыс болды. Нәтижесінде Samsung компаниясы басқа жолды таңдады: 1995 жылы немістің оптика шығаратын Schneider-Kreuznach концернімен серіктестік келісім жасады, объективтің оправасында шығарылған оның атауы фотографиямен таныс кез-келген адамға сапа кепілдігі болып табылды. Содан бері Samsung фотокамераларының барлық топ-үлгілерінің объективтерінде неміс әліпбиі әріптерінің айтылуы қиын тіркесі пайда болды.
Әрине, ешкім де бұл объективтерді Германияда жасаған жоқ және корей камераларына оларды бекітіп орап қойған жоқ. Фирмалық «шнайлерлік» оптиканың өндірісі Samsung зауыттарында лицензия бойынша және неміс концернінің айқын қадағалауымен жолға қойылды. Біз білетіндей, жапондықтар да сандық дәуірге осындай жолмен келді: Leica AG-мен келісім жасаған Panasonic компаниясы және Carl Zeiss оптикасын кеңінен қолданатын Sony корпорациясы.
Ең қызығы, Samsung компаниясы 1990 жылдардың соңында айналы камералар буынында Schneider-Kreuznach оптикасымен өзінің алғашқы автофокустық емес Samsung SR4000 айнасын шығарып, «көшбасшы бестікпен» (ол кездері алдыңғы қатарлы фототехника өндіруші жапон фирмалары аталатын: Canon, Nikon, Olympus, Minolta және Pentax) бәсекелесуге тырысқаны.
Камера жаман болған жоқ, басқаруы алдын ала ойластырылған және корпусы «ұстауға икемді», ал Schneider оптикалық сызықшасында, штаттық елуліктен басқа, айнымалы фокустық арақашықтығы бар үш объектив қамтылған. Алайда, айқын құндылығына қарастан, фотоаппарат қандай да бір айқын қырымен ерекшеленген жоқ, сондықтан аты жақсы шыққан фотоөндірушілердің өнімдері арасына «еніп кетті». Samsung компаниясы фотонарықта әлі күнге дейін әуесқой жинақы-камераларды өндіруші ретінде ғана қабылданып келді. Осылайша, «үлдір дәуірінің» соңына қарай Ресейдің барлық жерінде Samsung үлгілерінің үш фотокамерасы сатылды. Біріншісі, ең қарапайымы – f/4.5 жарық күші бар 30 миллиметрлік тиянақталған объективімен, жарқылдағы бар және үлдірі автоматты түрде оралатын Fino 40s. Екіншісі, барынша функционалдысы – оптикалық трансфокаторы бар, 35-тен 70 мм-ге дейінгі фокустық арақашықтықты қамтитын Vega 700. Және үшіншісі, ең «жаңасы» – әмбебап зум-объективі 28-90 мм фокустық арақашықтықтан оқи алатындай негізгі ерекшелігі бар және ұсталымды қолмен (bulb) басқару мүмкіндігі мұндай камера үшін күмәнді Vega 290W. Айтарлықтай фотоөндірушілердің қатарынан табылу үшін, бұның жеткіліксіздігі айқын екендігі рас қой. Алайда, біз қазір көріп отырғанымыздай, ол кезде Samsung компаниясының келешегі әлі алда болды.
Сандық философия
«Samsung Electronics» компаниясы өзін «Революциялық сандық жуықтау дәуірінің» көшбасшысы ретінде көреді; біздің міндетіміз – біздің компанияны сандық – Digital-ε Company компаниясына айналдыра отырып, осы көргенімізді шындыққа айналдыру – корпорацияның ресми сайтында Samsung Electronics философиясының мәні осылай тұжырымдалған. Бұл философияны өмірде өз қызметінің барлық салаларында, сонымен қатар фототехника өндірісінде де, жүзеге асыруды компания 1990 жылдарда бастаған.
1994 жылы халыққа салыстырмалы түрде шағын Samsung SSC-410N сандық фотокамерасы ұсынылды, ол пішіні бойынша заманауи дүрбіні немесе кішігірім видеопроекторды еске салатын, ол 768 х 484 пиксельдік анықтығы бар 1/3-дюймдік ССD-матрицамен, 40-120 мм-лік фокустық арақашықтыққа сай зум-объективпен және көлемі 4 МБ болатын кіріктірілген жады модулімен жабдықталған. Алайда бұл құрылғы өндіріске тек 1997 жылы жіберілді, ал бұдан бір жыл бұрын фотодүкендерде Apple және Fujifilm брендтері бойынша шығарылған, барынша дәстүрлі құрылымдағы шағын сандық камера – Samsung Kenox SSC-350N пайда болды.
Kenox SSC-350N-да кескіндерді тіркеуге 640 х 480 пикселдік анықтығы бар CCD-матрица жауап береді, ақпарат SmartMedia пішініндегі салынбалы жады картасына жазылады. Ал қалған мәселеде аппарат өз кезеңі үшін барынша қарапайым болатын: пластик корпусы, 38 мм фокустық арақашықтыққа сай жинақтайтын объективі, ¼-тен 1/5000-ға дейін ұсталым диапозоны және бір ғана мүмкін болатын жарыққа сезімталдық мәні – ISO 100 бірлігі. Есесіне бұл құны $1000-дан төмен болған сандық фотоаппараттардың алғашқыларының бірі болды, сондықтан Kenox SSC-350N компанияның жеке меншік өнімі болмаған деген ескертпемен, Samsung-ты сандық фототехника өндірісінің пионері деп сенімді түрде айтуға болады.
Коммерциялық жетістіктен нақты үміткер бола алатын Samsung сандық жинақтамаларының модельдік өнімдері алғаш PMA 2002 көрмесінде таныстырылды.
3 еселі зумы бар 2-мегапиксельдік Samsung Digimax 230 сандық жинақтамасы модельдік тізбекті бастады, одан кейін 3-мегапиксельдік Digimax 340, оның соңынан – одан сәл функционалды, 3-мегапиксельдік құрылғымен жабдықталған Digimax 350SE келе жатты, ал бұл тізімді 4-мегапиксельдік Digimax 410 аяқтайды.
2004 жылы қазан айында гаджет сүйер қауым Samsung Electronics компаниясы әлемдегі ең алғашқы матрицасының анықтығы 5-мегапиксел болатын камерофон шығарғанын қуана есіп жатты, ал келесі көктемде 7-мегапиксельдік камерасы бар алғашқы корей телефоны шығарылды. Алайда шын мәнінде фотокамера өндіру ісінде бәрі тамаша бола қойған жоқ: олар жетілдірілді, бірақ әлі де көптің бірі болып қала берді. Корей корпорациясы туралы ерекше фотоөндіруші ретінде айтылуы үшін, айқын, нағыз жаңашыл өнім шығару қажет болды. Мұндай өнімді, шындығында – олардың серияларын шығаруға, Samsung Electronics мамандары 2005 жылы кірісті.
Шоколадты интерфейс
Көптеген маркетингтік зерттеулер жүргізілгеннен кейін «арман болған камераны» әзірлеуші топ әлеуетті тасымалдаушылардың үш негізгі пікірін назарға алды:
- мен фототүсірілім туралы ешнәрсе білмеймін, бірақ бәрібір де кәсіби маман ретінде көрінгім келеді;
- маған жұқа әрі әдемі дизайн ұнайды;
- фотокамера өз тағайындалымы бойынша сақталымды.
Басқаша айтқанда, олардың алдында сіздің қолыңызда фотоаппараттың нақ өзі екендігіне ешкімнің күмәнін тудырмайтындай үздік дизайнмен, техникалық жағынан мінсіз фотоаппараттар сериясын жасау тұрды.
Шығыс түсінігінде, өз корпорацияларына жан-тәнімен берілген, ал батыс түсінігінде дәлелді құрастырушылар өз кеңселерінде отырып, ешкімге түсініксіз бірдеңелерді айтып жүретін зомбиларға ұқсап кетті. Белгілі техникалық сипаттамаларға сүйенген беc жүзден астам сызбалық нұсқалар жасалды; олардың барлығы да көрнекті болып шықты, бірақ бір ғана есте қаларлық дизайн жеткіліксіз болды: камераны басқару қағидасының өзінде жаңашыл шешімдер болуы талап етілді. Осы кезеңдерді еске ала отырып, әзірлеушілер өздерінің өте көп мөлшерде тұтынған шоколадтарының арқасында тірі қалғандарын мойындайды. Бір күні «кеңсе тұтқындарының» бірі жұмыс үстелінде жей бастаған шоколадына тесіле қарап отырып, кенет: «Біз мәзірдегі орналастыру батырмаларына тоғыз кіші бөліктерден тұратын шоколад тақтасының пішінін бере аламыз» дейді. Барлығы бұл сөзді қалжың ретінде қабылдады, содан кейін азық болып басталып, әуреге салған кескіннің соңғы нұсқасы болған ойға жармасты. Осылайша, СК-дисплейдің шетінде орналасқан сенсорлық батырмалардың көмегімен камераны басқару қағидасы өмірге келді, ол басқа камералардың көпшілігінде қолданылатын, әдеттегі төрт батырмалы джойстиктерден айрықша ерекшеленетін. Осы тамаша есте қаларлық дизайны бар және функционалдық мүмкіндіктерге бай біртума, мүлде жаңа тұтынушылық интерфейс NV (New Vision) серияларының Samsung камераларына 2006 жылы фотонарықта ең көрнекі жаңа өнімдердің бірі болуға мүмкіндік берді.