Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сағат қанша?
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: тақырып бойынша жан - жақты мәлімет бере отырып, сан есімді түсіндіріп, сауатты сөйлеуге және жазуға үйрету
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Күтілетін нәтиже: сан есімді меңгерту, қазақша уақыт сұрай білуге үйрету.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аударуды ұйымдастыру.
Оқушыларды пән мақсаттарымен таныстыру, тіл үйренуге деген қызығушылықтарын арттыру.
II. Сөздік жұмысы.
- Сағат қанша? - Который час?
- Қазір сағат неше?- Сейчас который час?
Уақыт - время
Тіл - язык өлшем бірлігі - единица измерения
III. Жаңа сабақ
Жылулық шеңбері
Амансың ба, Алтын күн!
Амансың ба, Жер - ана!
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам.
1 - тапсырма: Берілген сөйлемдерден сан есімдерді анықта
1. Сыныптарыңда неше оқушы бар? Біздің сыныпта...... оқушы бар.
2. Сабақ нешеде басталады? Сабақ 8. 20 басталады.
3. Бүгін сабаққа неше оқушы келді? Бүгін сабаққа.... оқушы келді.
2 - тапсырма: Жұмбақ
Сыртылдайды күнімен,
Сыртылдайды түнімен.
Білгің келсе уақытты
Көрсетеді тілімен (сағат)
3 - тапсырма
Сызба бойынша уақыт өлшем бірлігін біліп ал.
Уақыт
↓
Күн
Жыл
Сағат
Ай
Минут
Апта
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар,
Алдымыздан жел еседі.
Кішкентай ғана ағаштар,
Үлкен болып өседі.
4 - тапсырма: Мәтінді тыңда.
Сағат..
Менің атым - Сағат. Үш тілім бар: ұзын тілім - минутты, қысқа тілім - сағатты, ал жіңішке тілім секундты көрсетеді. 1 минутта 60 секунд, 1 сағатта 60 минут бар.
5 - тапсырма:
Сөйлем құрап үйрен
1. Сағат
2. Менің сағатым
3. Менің сағатым бар.
4. Менің әдемі сағатым бар.
1. Апта
2. Бір апта
3. Бір аптада жеті күн
4. Бір аптада жеті күн
Сергіту сәті:
Ал, балалар, тұрайық, Денемізді созайық.
Орындыққа отырып,
Алақанды ұрайық.
Үй тапсырмасы:
Сан есімдері бар мақал - мәтелдерді жазу.
IV. Сабақты бекіту.
V. Сабақты қорытындылау.
Сан есім. Сағат неше?
Сабақтың тақырыбы: Сағат қанша?
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз1608 қаралым
#уақыт#қазақ тілінен сабақ жоспары#сан есім#өлшемдер
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

