Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Сансыз ауруға ем – сарымсақ

Сарымсақтың құрамында В және C тобына жататын дәрумендер, хлор, темір, фосфор, йод, марганец, кальций, мыс, магний, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер көп. Басым бөлігі судан, көмірсулар мен ақуыздардан тұрады. A, B1, C, PP дәрумендері де кездеседі. Аздаған мөлшерде майлар да жоқ емес. Солардың бірі эфир майы. Негізі шикілей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан алманы, жалбыз жапырақтарын, балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.

Сарымсақтың пайдалары:

• Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

• Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.

• Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем.

• Қан қысымын төмендетеді. Қанды тазалайды. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.

• Ми ісігінің алдын алады. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге көмектеседі.

• Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма, тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады.

Пайдалы кеңестер:

• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүртеді.

• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.

• Тұмаудың алдын алу немесе шалдыққан жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама