Сабақ жоспары
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Жалпы мақсаттар: Білімділік: Сансызбай Сарғасқаевтың өмірімен, шығармаларымен тереңірек танысу. Мәтінді тереңірек түсініп оқуға, талдауға үйрену, мәтіндегі түйінді ойды ашу.
Дамытушылық: өз бетімен шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, сөздік қорларын, байланыстыра сөйлеулерін дамыту.
Тәрбиелік: шығарманың мазмұны бойынша еңбексүйгіштікке, достық қасиетті жоғалтпауға, табиғатты, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелену.
Түйінді ой: Еңбегің қатты болса, жегеннің тәтті болады
Стратегиялар: «Кластерлер», «Ой қозғау», «Бес ойшыл қалпақ», «Венн диаграммасы», «Постер», «Синквейн»
Көрнекіліктер: Автор портреті, ағаштар, жапырақтар, слайд, ағаш отырғызу суреті
Дереккөздер: С. Рахметова, Т. Әбдікәрім, Р. Базарбекова «Әдебиеттік оқу»; интернет ресурстар
Жақсылықова Г. И. Каженова А. М. Исмагилова Н. З «Интербелсенді әдіс - тәсілдер» әдістемелік құрал.
Оқу нәтижесі: - Мәтіндегі негізгі ойды меңгереді.
- Өз пікірлерін білдіру арқылы берілген тапсырмаларды орындайды
- Өз ойларын еркін, сыни тұрғыдан ойлай отырып жеткізеді және талдай алады.
Сабақ барысы
I кезең
Қызығушылықты ояту
1. Ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқушылардың үй жұмысына қатысуын қадағалау.
Қорытындылау. Слайд арқылы қарлығаштың сұрақтарына жауап бергізу. 1. Жыланның әрекетін оқи отырып қандай сезімде болдыңдар?
2. Дәуіттің іс - әрекеті өзіңе қандай ой қалдырды?
3. Дәуіттей батылдық сендердің бойларыңда бар ма?
4. Өлеңнен қандай ой түйдіңдер?
Топқа бөлу
Формативті бағалау: Жақсы қатысқан оқушыларға ағаштар таратамын
Сергіту сәті: Ән тыңдату
II кезең
Мағынаны ажырату
1. Автор туралы «Кластерлер» жасату
2. Мәтінмен жұмыс:
Мәтінді өздері төрт топқа бөліп алады.( әр топтан бір оқушының қолына лента байлап қою)
3. Әр бөліктен түсінгендерін сұрау
4. Мәтінді қорытындылау «Алты ойшыл қалпақ» әдісі арқылы
Өмірмен байланыстыру. Мектептегі 1 - ші, 11 - ші сыныптар аллеясы туралы айту
Сансызбай Сарғасқаев. Шыбық
Әдебиеттік оқу 4 сынып
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз843 қаралым
#табиғатты қорғау#шыбық#сансызбай сарғасқаев#табиғатты аялау#қоршаған ортаны аялау
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

