Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мектептердің оқу жылына дайындығын тексерді. Тексеру елдегі оқу орындарының 99%-ын қамтыды. Нәтижесінде мамандар асханалардың, медициналық пункттердің, инженерлік желілердің және сумен жабдықтау жүйесінің жай-күйінде көптеген проблемаларды анықтады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

СЭБК төрайымы Сархат Бейсенованың ОКҚ-да айтуынша, биылғы жылдың маусым айында санитарлық дәрігерлер отандық мектептерде ауқымды тексеру жүргізіп, санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың әртүрлі бұзушылықтарын анықтады. Олардың көпшілігі – 2087 – мектеп асханаларында табылды.

Атап айтқанда, асханалардың санитариялық-техникалық жағдайы қанағаттанарлықсыз екені анықталды. Сондай-ақ оқу орындарының асханалары технологиялық және тоңазытқыш жабдықтармен нашар жабдықталғаны хабарланды.

Мұндай бұзушылықтардың ең көбі санитарлық дәрігерлер Түркістан облысында (259), Қарағанды облысында (163), Алматыда (123) және Қызылорда облысында (115) анықтады.

Сонымен қатар, Бейсенованың айтуынша, айтарлықтай қаржылық шығындарды қажет ететін бұзушылықтар да бар. Бұл мектептердегі инженерлік желілерді, шатырларды, желдету, жылу жүйелерін, тіпті сумен жабдықтауды жөндеуге қатысты. Сондай-ақ ол кейбір оқу ұйымдарындағы медициналық пункттердің нашар жабдықталғанын айтты.

Осыған байланысты СЭБК бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне 287 мектеп пен 11 мектеп-интернатқа аталған бұзушылықтарды жою үшін қаражат бөлу қажеттігі туралы жеке ұсыныстар енгізді.

Еске салайық, Қазақстанда биылғы жылдың 1 ақпанынан бастап балаларға арналған мемлекеттік мекемелерге мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі қолданылады. Яғни, бұзушылықтар туралы сигнал түскен кезде мұндай нысандар тексеру алдында ескертілмейді, кенеттен барады.