- 10 қаң. 2020 00:00
- 277
Сараң кемпір
Бұрын бір сараң бәйбіше барған адамға тегене көтермей, аяқпен қымыз ұстатады екен. Бір күні оның үйіне Бірғали деген адам келіп отырғанда, оның артынан келген біреуге тағы аяқпен қымыз беріпті. Ол адамның жасы Бірғалидан кіші болғандықтан, салт бойынша қымызды Бікеңе ұсыныпты. Сонда Бікең:
— Аз болса маған несін көрсетесің, ана қатынға көрсет, — дегенде, бәйбіше ұялып кетіп:
— Алдын ала ауыз тисін деген едім, тағы бар, тағы бар, — деп екеуіне тегенемен әкеліп қымыз құйған екен.