- 04 қаз. 2021 00:00
- 217
Сарайшық
Сарайшық — XIII ғасырдың басында Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала, орта ғасырлардағы ірі саяси, мәдени және сауда орталығы.
Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. XIV ғасырда Сарайшық Ақ Орда мемлекетінің, содан кейін Ноғай ұлысының орталығы саналған. XV ғасырдан бастап ол Қазақ хандығының әйгілі астаналарының бірі болған. Сондай-ақ Сарайшық — Алтын Орда хандары жерленген қасиетті жер (Мөңке Темір, Жәнібек, Бердібек).
Сарайшықта өзінің әділдігімен, ақылдылығымен, ұлылығымен аты шыққан Әз-Жәнібек хан 1347 - 1350 жылдары билік құрған. Сол кезеңде халық шалқыған дәурен кешіпті. Бұл туралы:
Сарайшықтың саздары,
Қаңқылдады қаздары,
Су сұрасаң, бал берген,
Ноғайлының қыздары, — деп халық әндеткен.
Сарайшықтың қирандысын қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерден Жайықтың жағасынан көруге болады. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан ақша сарайы, мешіт, монша, ауқатты адамдардың сарайлары, әдемі қыш құмыралар мен тас табақтар, әшекей бұйымдар табылған.
Оқуға кеңес береміз:
Суяб
Сауран
Нұрлан Ноғаев жеті хан жатқан Сарайшыққа үйінді деп қарауға болмайтынын айтты
Жеті хан жатқан Сарайшықтағы жұмыс алаңынан адам сүйектері шықты