Сауд Арабиясында барлау тікұшағы апатқа ұшырады: Қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, апатқа техникалық ақау себеп болған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Сауд Арабиясы Корольдігі мен Араб коалициясы Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Турки әл-Малики болған жайтты әлеуметтік желілерде түсіндірді.
Оның мәліметінше, құлаған AH-6i тікұшағының бортында екі экипаж мүшесі болған — екеуі де қаза тапты. Ұшақ Сауд Арабиясы Ұлттық гвардия министрлігінің бақылауындағы аумаққа құлады.
Апат өңірдегі қақтығыстың ушығуы аясында болғаны атап өтіледі. Соңғы апталарда Наджран ауданы хуситтердің шабуылына ұшырап жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Эр-Риядтағы король Халид атындағы халықаралық әуежайға жасалған шабуыл салдарынан кемінде 12 адам қаза тауып, тағы 309 адам жарақат алған. Болған жайтқа нысанға зымыран атқан йемендік хуситтерді кінәлайды. Осыдан кейін бірқатар араб елінің әуе компаниялары Сауд Арабиясына рейстерін тоқтатты немесе жойды.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты ел азаматтарына жүгінді.
Жуырда Сауд Арабиясының астанасында әуе қорғанысы күштері екі зымыранды атып түсірді, олардың сынықтарынан тұрғындар мен үйлер зардап шекті.


