Сауд Арабиясы Ирак аумағынан ұшырылған дрондар елдің Шығыс-Батыс мұнай құбырына шабуыл жасағанын растады. Алайда Ирак премьер-министрінің өтінішіне байланысты Рияд әзірге қарсы соққы беруден бас тартып отыр. Бұл туралы Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Министрлік сонымен қатар елдің егемендігін, қауіпсіздігін және стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғау үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдау құқығын өзінде қалдыратынын мәлімдеді.
Бұған дейін Сауд Арабиясының мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары Шығыс-Батыс мұнай құбыры шабуылдардан кейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған еді.
Жағдай Таяу Шығыстағы шиеленістің одан әрі ушығуы аясында орын алып отыр. Аймақтағы қақтығыс мұнай жеткізіліміне қатысты алаңдаушылықты күшейтіп, әлемдік нарықтарға әсер етуде.


