Лондондағы бесжұлдызды қонақүйдің бірінде Сауд Арабиясының ханзадасы өлі күйінде табылды. NUR.KZ сайтының хабарлауынша, оның есірткі мен ішімдікке тәуелділігі болған.
Сарапшылардың анықтауынша, өлім алкоголь мен есірткінің араласуынан туындаған жүрек тоқтауы салдарынан болған. Ханзада ұзақ уақыт бойы ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен зардап шеккен. Қайтыс болуынан үш ай бұрын ол Лондондағы мамандандырылған клиникада стационарлық ем қабылдаған.
Мәйіт Marriott қонақүйінің бөлмесіндегі ванна бөлмесінен табылды. Бұл қонақүйде бір түн тұру құны шамамен 600 фунт стерлингті құрайды.
Ханзаданың өлімі туралы ақпарат БАҚ-та енді ғана жарияланды, дегенмен оқиға былтырғы қараша айында болған. Іс қазірдің өзінде сотта қаралды.
Ол Сауд Арабиясы королінің алыс туысы, оның арғы атасының ұрпақтарының бірі болып табылады.


