Қазақстандық әнші Say Mo өнер көрсетуі кезінде алған күтпеген үйлену ұсынысы туралы шындықты айтты. Әртіс бұл — әзіл екенін мойындап, жүрегінің бос екенін де жеткізді, деп хабарлайды infohub.kz.

Жуырда Say Mo-ның концерті кезінде оған үйлену ұсынысы жасалып, бұл жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті. Көпшілік жұмбақ күйеу жігіттің кім екенін және әншінің жауабы қандай болғанын білгісі келді. Кейбір жазылушылар бұл шоу болуы мүмкін деп те жорамалдады. Әртіс Instagram-дағы сторисінде оқиғаны нақтылап, жанкүйерлердің сұрақтарына ашық жауап беруді жөн санады.

«Мен "жоқ" дедім. Бәріңе айтарым, бұл пранк еді. Мен тұрмысқа шықпақ емеспін және қазір ешкіммен қарым-қатынаста емеспін. Мен бос қызбын. Барлық сұрақтарыңа жауап бердім деп үміттенемін», — деп жазды Say Mo.

Еске салайық, 2020 жылдың қараша айында әнші актер Шарип Серікке мұсылмандық дәстүр бойынша күйеуге шыққан еді, алайда бір айдан кейін ажырасатынын мәлімдеді.