Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Білімділік мақсаты: Мәтіннің идеялық мазмұнын ашып көрсету. Оқушылардың таным мүмкіндіктерін ашу.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың мәтінге мағыналық талдау жүргізу машығын, қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Төзімділікке, жігерлікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ.
Әдіс тәсіл: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі: Әлия, Мәншүк, автор суреті, автор жайлы дерек, жусан суреті, интерактивті тақта.
Сабақ мазмұны: 1. Ұйымдастыру сәті.
Қызығушылықты ояту. (хормен)
Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмін,
Байыптап жақсы оқысаң,
Негізгі менде білімнің.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Топтарға тапсырма беру.
1 - топ. Кеңес одағының батыры Әлия Молдағұлова өміріне қысқаша шолу жасау.
2 - топ. Әлияның ұстаздарының пікірлеріне сүйене отырып, Әлияға мінездеме беру.
3 - топ. Оқушы Әлия мен батыр Әлияның арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар? (пікір айту)
3. Жаңа сабақ. Мағынаны таныту. Шығарма авторы туралы мәлімет.
1. С. Мұратбеков – жазушы аудармашы, Талдықорған обл., Қапал ауылы 1936 - 2007жж., Алғашқы әңгімесі «Біздің ауылдың кештері», «Менің қарындасым», «Жабайы алма», М. Горький атындағы әдебиет институты, ҚАЗМУ - ді бітірген.
2. Жусан суретін көрсету арқылы түсінік беру. Жусан - көп жылдық өсімдік, шала бұта, шөлді дала, таулы жерде өседі, 81 түрі бар, жапырағы қауырсын тәрізді, гүлі сары түсті, жемісі тұқымша, 10 - 60 см биіктікке дейін өседі, мал азығы, өнеркәсіпте, медицинада қолданылады.
4. Оқулықпен жұмыс.
1). Мәтінді оқу, бөлімдерге бөлу.
1 – бөлім. Қу соғыстың зардабы.
2 – бөлім. Қаралы қағаз.
3 – бөлім. Әкені сағыну.
4 – бөлім. Қоштасу.
2). Оқушыларға, бөлімдерге бөліп оқыту.
5. Шығарманы талдау.
«Таза тақта» ойыны.
1. Бұл қай кезде болған оқиға?
2. Ұлы Отан соғысы балалардың өміріне қалай әсер етеді?
3. Аян қаралы қағазды алғанда не істеді?
4. Неге көрсетіп жылымады?
5. Балалардың, Аян кеткеннен кейінгі көңіл – күйі қандай болды?
6. Сөздікпен жұмыс.
1. Аңызақ жел – тым жылы әрі құрғақ жел.
2. Ышқыр қалта – шалбардың беліндегі ішкі қалта.
7. Ой толғау.
7. Ой толғау.
І – топ. Аянға мінездеме беру.
ІІ – топ. Егер автор болсаң, шығарманы қалай аяқтар едің?
ІІІ – топ. Әңгімеден көрініс көрсету.
8. Даналық ағашы.
1000 жылдық даналық ағашына оқушылар, Аянға арнап хат жазып іледі.
9. Сабақты қорыту.
10. Бағалау.
Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
Тақырыбы: Сайын Мұратбеков. Жусан иісі
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз830 қаралым
#сайын мұратбеков#жусан иісі#ашық сабақ ана тілі
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

