Мединадан Алматыға ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы Оманға мәжбүрлі қонды. Себеп — жолаушылардың бірінің денсаулығы күрт нашарлаған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға Сауд Арабиясынан Қазақстанға ұшу кезінде болды. Оқырмандардың мәліметінше, жолаушыға жолда жағдайы нашарлап, әуе кемесінің командирі Оман астанасы Маскаттағы қосалқы әуежайға қону туралы шешім қабылдаған.
Ұшақ қонған соң жолаушы жергілікті медициналық қызметкерлерге тапсырылып, ауруханаға жатқызылды. Қалған жолаушылар ұшаққа жанармай құйылып, қажетті рәсімдерден кейін жолын жалғастырды.
Әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаны растады. Онда бортта жолаушыға алғашқы көмек көрсетілгенін, алайда одан әрі медициналық бақылау үшін қону туралы шешім қабылданғанын айтты. "Жолаушылардың қауіпсіздігі, өмірі мен денсаулығы — әуе компаниясының сөзсіз басымдығы", — деп атап өтті компанияда.


