Канадалық әнші Селин Дион алты жылдан кейін алғаш рет толыққанды жеке концертін Парижде берді. Бұл оның емделмейтін ауруы туралы мәлімдегеннен кейінгі сахнаға алғашқы шығуы болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Дион 2022 жылдың желтоқсанында өзінің диагнозы — бұлшықет қақсау синдромы туралы айтқан болатын. Бұл — сирек кездесетін аутоиммунды неврологиялық ауру. Оның айтуынша, бұл ауру миллион адамның біреуінде ғана кездеседі екен. Әнші күн сайын қозғалысына кедергі келтіретін спазмдармен және ән салғанда дауыс байламдарын толық пайдалана алмаумен күресетінін мойындаған.
Париждегі концерт кезінде Селин Дион эмоциясын ұстай алмай, сахнада жылап жіберді. «Барлығымыздың бірге болғанымыз таңғажайып. Мен уәде бердім. Қайта оралып, сахнаға шығамын деп сөз бердім. Міне, мен сіздер үшін және өзім үшін ән салып тұрмын. Қолдауларыңыз бен шыдамдылықтарыңыз үшін мың алғыс. Мен қандай болсам, сондаймын, өйткені сіздер мені жақсы көресіздер», — деді әнші.
Дион соңғы рет толыққанды концертін 2020 жылы Courage Tour аясында берген еді. 2022 жылға жоспарланған турның Солтүстік Америка бөлігін денсаулығына байланысты тоқтатуға мәжбүр болды.
Ауруы туралы мәлімдегеннен бір жыл өткен соң, 2023 жылдың қарашасында әнші алғаш рет көпшілік алдына шықты: оны «Монреаль Канадиенс» хоккей командасының матчында балаларымен бірге көрді. Ал 2024 жылдың ақпанында Дион өзінің мансабы мен емделмейтін дертімен өмірі туралы деректі фильмнің шығатынын жариялады.


