Семейде сыныптасына 15 рет пышақ жарақатын салды деген күдікке ілінген 13 жастағы жасөспірімнің анасы ұлы өзін-өзі қорғау мақсатында әрекет еткенін мәлімдеді. Сонымен қатар әйел жанжалға қатысқан екі тараптың да кінәсін мойындады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Назигүл Жұмабекованың айтуынша, пышақты бірінші болып жанжалдың екінші қатысушысы қолданған. Қорыққан ұлы не істеп жатқанын түсінбей, қарсы соққы бере бастаған.
«Ол бірінші бастады – оны пышақтады. Қорыққаннан, мүмкін, не істеп жатқанын өзі де түсінбеген шығар. Өзін қорғау ретінде оған пышақты тыға бастады. Яғни, Омар бірінші бастады – оны пышақпен кесті. Содан кейін осының бәрі болды. Бірақ меніңше, екеуі де кінәлі: Омар да, Дәулет те. Ұлым кінәсіз деп ойламаймын. Мен оны да кінәлі санаймын», – деді оқушының анасы Назигүл Жұмабекова.
Бұған дейін «Курсив» осы оқиға туралы жазған болатын. Оқиға сабақтан кейін болған. Екі 13 жастағы жасөспірім бірге ойнаған, бірақ бір сәтте олардың арасында төбелес басталған. Жанжал алдында оқушылар пышақ тауып алған болуы мүмкін. Одан әрі не болғанын тергеу анықтап жатыр.
Оқиғадан кейін екі жасөспірім де ауруханаға жеткізілген. Жұмабекованың ұлының жараларын өңдеп, тігіп, үйіне жіберген.
Екінші оқушы шамамен 15 пышақ жарақатын алып, ота жасалған. Қазір ол ауруханада жатыр, жағдайы орташа ауыр деп бағалануда.
Екі жасөспірімнің де ата-аналары полициядан болған оқиғаны мұқият тергеп, жанжалға қатысушылардың әрекеттерінің ретін анықтауды сұрап отыр.


