16 шілдеден бері жанған «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи қорығындағы өрт 28 шілдеде толық сөндірілді, деп хабарлайды infohub.kz.
Экология министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт қорықтың Камышен орман шаруашылығында тіркелген. Оны сөндіруге ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі және ҚР Қорғаныс министрлігінің күші мен құралдары жұмылдырылды. «Барлық тартылған қызметтердің бірлескен және үйлесімді іс-қимылының арқасында өрт толық сөндірілді», – деп атап өтті ведомствода.
Еске сала кетейік, 16 шілдеде Абай облысындағы «Семей орманы» қорығының аумағында орман өрті болды. Оны сөндіру үшін жерүсті техникасы мен авиация пайдаланылды. Өрт салдарынан «DosbolLike» лагерінің 190 баласы мен 20 қызметкері эвакуацияланды.


