16 шілдеде Абай облысының Бородулиха ауданында ірі орман өрті шықты. Оның салдарынан жазғы лагерьден 190 бала эвакуацияланды. Өртті сөндіруді өрт қауіпінің төтенше класы мен қатты ыстық қиындатып отыр, деп хабарлайды Orda.kz тілшісі.

Өрт орнына мемлекеттік орман қорғау қызметі мен ТЖД қызметкерлері жіберілді. Сондай-ақ, Bambi Bucket су төгетін құрылғысымен жабдықталған AS350 тікұшағы және авиациялық өрт сөндіру қызметінің төрт десантник аттанды. Катон-Қарағай ауылынан «Қазавиаорманқорғау» РМК-ның Ми-8 тікұшағы ұшып келді. «Орман өрті «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Бородулиха филиалының Камышен орманшылығының 57 кварталында тіркелді», — деп хабарлады Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Жедел ақпарат бойынша, өрт сөндіруге 101 полиция қызметкері, 25 қызметтік көлік, оның ішінде төрт автобус және екі КамАЗ жұмылдырылды. Тікұшақтар су төгетін құрылғылар арқылы 24 рет су шашты. Өрт орнына қосымша күш пен техника жіберілуде.

Абай облысы ТЖД баспасөз қызметі Камышен орманшылығы аумағында орналасқан Dos Bol Like жазғы лагерінен 190 баланың эвакуацияланғанын растады. Екі баланы ата-анасы алып кетті, ал 188 бала Бородулиха ауылына эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, 2023 жылы жазда осы резерват аумағында Қазақстан тарихындағы ең ірі орман өрті болып, 15 адам қаза тапты. Бұған дейін Степногорск маңында найзағай соғуынан егістіктердің ұзақ уақыт жанғаны хабарланған еді.

Материал Orda.kz сайтының мәліметі бойынша дайындалды.