ӨлеңдерСен маған шарфыңды бер
infohub.kz редакциясы · 2015 ж. 23 сәуір828 қаралым
Сен маған шарфыңды бер, шарфынды бер,
Сыйыңа сый жасаймын, нарқымды көр,
Қарызыңды мың есе қайтармасам,
Шапалақпен жағымнан тартып жібер.
Сен маған шарфынды бер, шарфынды бер,
Сырдың желі мойнымды шарпып жүрер,
Алатаудың арда өскен тентегімін,
Қайырымды құрбыңның нарқын білер...
#мұқағали мақатаев#мақатаев өлеңдері#өлеңдер#қазақша өлең#мұқағали өлеңдері#сен маған#шарфыңды бер#сен маған шарфыңды бер#мұқағали ма?