Америкалық сенатор Джон Кеннеди 2028 жылғы президенттік сайлауға қатысуы мүмкін екенін мәлімдеді. Алайда қазір ол сенатқа қайта сайлануды көздеп отыр. Бұл туралы ол NBC News телеарнасының эфирінде айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Луизиана штатынан сайланған сенатор Джон Кеннеди NBC News-ке берген сұхбатында 2028 жылы АҚШ президенттігіне ұмтылу мүмкіндігін қарастырып жатқанын растады. Жүргізушінің президенттік жарысқа қатысу туралы ойланып жүрсіз бе деген сұрағына саясаткер: «Иә», — деп жауап берді.

«Қазіргі жоспарым — қайта сайлану. Бірақ айтып қойғанымдай, егер сенатта бұдан әрі тиімді жұмыс істей алмаймын деп есептесем, ондай мүмкіндікті қарастырар едім», — деді Кеннеди.

Ол түпкілікті шешім әлі қабылданбағанын атап өтті. 2028 жылы сенатор қайта сайлануға тиіс.

Кеннеди сондай-ақ республикашылдар атынан басқа үміткерлерді одан лайықсыз деп санаса, президенттік жарысқа қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады.

2028 жылы республикашылдардың ықтимал үміткері саналатын вице-президент Джей Ди Вэнспен ықтимал бәсекелестік туралы сұраққа Кеннеди жауап бермеді.

«Мен басқа ықтимал үміткер туралы айтпаймын. Оған әзірге дайын емеспін», — деді сенатор.

Айта кетейік, 2028 жылғы сайлау — 2012 жылдан бергі Дональд Трамп Республикалық партия атынан үміткер болмайтын алғашқы сайлау.