Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының жылдам шахмат (рапид) бойынша бірінші күнінен кейін қазақстандық Мария Холявко мен Ксения Балабаева төрт ұпай жинап, сәйкесінше бесінші және жетінші орындарды иеленді. Бұл туралы infohub.kz хабарлайды.
Холявко бес партияның төртеуінде жеңіске жетіп, үшінші турда ақ түспен екінші орында келе жатқан ресейлік Анна Шухманнан ұтылды. Балабаева еш жеңіліс көрмеген, ол Үндістаннан Харика Дронаваллимен (қара түспен) және Өзбекстаннан Умида Омоновамен (ақ түспен) екі партияны тең аяқтады.
Ертеңгі бірінші турда Балабаева қара түспен турнирдің көшбасшысы Вьетнамдық Ле Тхао Нгуен Фаммен кездеседі.
Басқа қазақстандық шахматшылар – Амина Қайырбекова мен Зарина Нұрғалиева – стартта сәл іркіліп қалды. Алайда ертең тағы алты тур өткенде, олар турнирлік жағдайын түзете алады. Қазақстандық ер шахматшылар Азия чемпионатының рапидіне қатыспайды.
Рапид бойынша турнир формуласы швейцариялық жүйемен 11 турдан тұрады. Азия чемпионы мен жүлдегерлер ертең анықталады. 30 шілдеде блиц турнирі өтеді.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 150 000 гонконг доллары (шамамен 19 150 АҚШ доллары).


