Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Әлемдік шахмат олимпиадасында Қазақстанның әйелдер құрамасы турнир аяқталуға екі тур қалғанда жалпы есепте үшінші орынды сақтап тұр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Тоғызыншы турда қазақстандық шахматшы қыздар Моңғолия құрамасымен кездесті. Тартыс 2:2 есебімен тең аяқталды. Бибисара Асаубаева мен Алуа Нұрман өз партияларында жеңіске жетті, ал Меруерт Камалиденова мен Зарина Нұрғалиева қарсыластарына жол берді.

Бұл тең нәтиже Қазақстанның әйелдер құрамасы үшін қатарынан үшінші болды. Ұлттық команданың еншісінде қазір 15 ұпай бар. Ол қосымша көрсеткіштер бойынша Үндістаннан қалып, Арменияны басып озған үшінші орында тұр. Турнир кестесінде 17 ұпай жинаған Қытай құрамасы көш бастап тұр.

Қазақстанның ерлер құрамасы да тоғызыншы турда тең ойнады — Польша құрамасымен 2:2. Денис Махнёв пен Сауат Нұрғалиевтің партиялары тең аяқталды, Алдияр Ансат өз тақтасында жеңіске жетті, ал Даниял Сапенов жеңіліс тапты.

12 ұпаймен Қазақстанның ерлер құрамасы жалпы есепте 33-ші орында. 16 ұпаймен Өзбекстан командасы көш бастап тұр.

Әлемдік шахмат олимпиадасының қорытынды турлары 26 және 27 қыркүйекте өтеді.