Колумбиялық әнші Шакира жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко провинциясына күтпеген жерден барып, ондағы он мектепті қалпына келтіретінін мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Әнші Кибдо қаласына барып, қираған оқу орындарын аралап, оқушылармен сөйлесіп, балалардың білім алу мүмкіндігінен айырылып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

Еске салайық, магнитудасы 7,4 болатын жер сілкінісі 10 тамызда Колумбияның батысында болды. Апат салдарынан кемінде 287 адам қаза тапты. Дүмпу эпицентрі Чоко провинциясына келген еді, онда 40-қа жуық мектеп толығымен қирап, үш мыңнан астам тұрғын үй жойылды.

Гуманитарлық бастаманы әншінің Fundación Pies Descalzos қайырымдылық қоры американдық филантроп Говард Баффетпен бірлесіп жүзеге асыруда. Ол әріптес қорды басқарады. Ұйымдар аймақтағы он оқу орнын толық қалпына келтіруге міндеттенді.

Шакира өз ұйымының Чоко білім беру саласына 22 жыл бойы көмектесіп келе жатқанын атап өтіп, балалардың қалыпты оқуға тезірек оралатынына үміт білдірді.