Әлемге әйгілі әнші Шакира Қырғызстанда сольный концерт беруі мүмкін, тіпті Қазақстаннан да бұрын, деп хабарлайды infohub.kz.

Қырғызстан президентінің іс басқарушысы Қаныбек Тұманбаев «Бішкек Арена» стадионында колумбиялық супержұлдыз өнер көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта Бішкекте концерт өткізу туралы келіссөздер жүріп жатыр. Әншінің қараша айында ФИФА стандарттарына сай салынған, 51 мың көрерменге арналған жаңа аренада өнер көрсетуі күтілуде.

Қырғызстан президентінің іс басқарушысы тараптар әзірге шарттарды келісіп жатқанын, нақты күн мен басқа да мәліметтер әлі анықталмағанын айтты.

Тұманбаевтың өзі Instagram-да интригалық жазба жариялады: «Shakira. Оны Bishkek Arena-да көргіңіз келе ме? Күтесіз бе?» — деп жазды ол.

Еске салайық, 2025 жылдың қарашасында Қазақстанда Дженнифер Лопес пен Backstreet Boys концерттерінің ұйымдастырушылары Бейонсе, Шакира және Эминемнің республикада өнер көрсету мүмкіндігі туралы айтқан болатын. Осы жылдың сәуірінде Алматы әкімдігі әлемдік жұлдыздар — рэпер Эминем мен әнші Шакира — қазақстандықтар үшін биыл өнер көрсетуі мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.

«Бұл ақпарат таныстыру сипатында екенін және іс-шаралардың өтетінін растамайтынын атап өтеміз. Қазіргі уақытта мәселе пысықталу сатысында. Ресми келісімдерге қол жеткізілген жоқ, күндер мен алаңдар бекітілген жоқ», — деп нақтылады әкімдікте.