Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті отынның заңсыз айналымына қарсы күресті күшейтті. ҚР ҰҚК Шекара қызметі мемлекеттік шекара арқылы мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдауға жол бермеу жұмысын жалғастыруда. 2026 жылғы 1–21 шілде аралығында өткізу пункттерінде жанар-жағармай материалдарын заңсыз шығарудың 1342 әрекеті анықталды, деп хабарлайды infohub.kz.

Тәркіленген мұнай өнімдерінің жалпы көлемі 112 тоннадан асты.

Бұзушылықтарға қатысы бар адамдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылды.