Марқұмның әпкесі Перизат Нұрымованың айтуынша, қорғаушылардан бас тарту туралы шешімді Айтбек көтерген. Ол Қаржаубайдың анасына дөрекі сөйлеп, артық кеткен көрінеді. Осыдан кейін Қаржаубай Айтбекке: «Егер екеуіміз келісе алмасақ, қорғаушылармен келісімшартты бұзамын», – деп ескерту жасаған.
Шерзаттың әпкесі, керісінше, бұрынғы адвокаттар мен қазіргі қорғаушылар істі бірге жүргізгенін қалайды. Сонымен қатар олар Айтым Амангелдінің алдағы процестерге араласпауын талап етуде.


