Шерзат Полаттың отбасына сотталушылардан моральдық өтемақы өндірілді
Марқұм Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша сот жәбірленуші тараптың моральдық зиянды өтеу туралы талаптарын ішінара қанағаттандырды.
Сот үкіміне сәйкес:
- Абзал Шынасыл – жәбірленушілердің әрқайсысына 20 миллион теңгеден,
- Равиль Сакиев – әрқайсысына 15 миллион теңгеден,
- Белғожаев, Әскентай, Ілиясов, Тоқтаубаев, Қалиахмет, Сакиев, Тоқтаубаев (кейбірі қайталанады) – әрқайсысына 10 миллион теңгеден моральдық өтемақы төлейтін болды.
Сонымен қатар, сот барлық айыпталушылар үшін 4 қазаннан бері қамауда отырған әрбір күнді 1,5 тәулік ретінде есептеуге шешім қабылдады.


