Тбилисиден Астанаға ұшқан рейсте 38 жастағы шетел азаматы ұшақтың дәретханасында электронды темекі шеккен. Ол авиация қауіпсіздігі ережелерін бұзған, сондықтан рейстен түсірілді. infohub.kz сайтының хабарлауынша, көлік полицейлері бұзушының жеке басын анықтап, оны жауапкершілікке тартты.
Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері әртүрлі құқық бұзушылықтар үшін 254 адам авиарейстерден түсірілген. Оның ішінде 193 азамат алкоголь ішкені немесе мас күйінде болғаны үшін, ал 40-ы бортында темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін рейстен шығарылған.
Полиция ұшақ бортында кез келген темекі және никотин өнімдерін, оның ішінде электронды темекі мен вейптерді шегуге қатаң тыйым салынғанын еске салады. Мұндай әрекеттер ұшу қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндіреді және заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.


