Маңғыстау облысында шетел азаматы кеден шекарасы арқылы 95 литр дизель отынын заңсыз өткізбек болғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Маңғыстау облысы соттарының ресми Telegram-арнасында хабарланғандай, Бейнеу аудандық сотында шетел азаматына қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 545-бабы (Еуразиялық экономикалық одақтың кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде тыйымдар мен шектеулерді қолдану тәртібін сақтамау) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, 2026 жылғы 9 шілдеде «Тажен» кеден бекетінде шекаралық бақылау кезінде Қазақстаннан Өзбекстанға бет алған ер адам көлік құралының зауыттық конструкциясында қарастырылмаған қосымша отын багын пайдаланып, 95 литр дизель отынын заңсыз өткізуге тырысқан.

Сот отырысы барысында құқық бұзушының кінәсі оның жеке түсініктемелерімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және іс материалдарымен толық расталды.

ҚР ӘҚБтК-нің 545-бабының санкциясы әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектісі болып табылатын тауарды тәркілей отырып, 15 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

Сот қаулысымен шетел азаматы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 64 875 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген.