Шығыс Қазақстан облысында полицейлер әлеуметтік желілерге түсірілген қауіпті трюк үшін жүргізуші мен жолаушыны жауапқа тартты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Желіде жарияланған кадрларда Chevrolet Cobalt қозғалыс кезінде жолаушы қауіпсіздік ережелерін елемей, салоннан сыртқа шығып кеткені көрінеді. Мұндай әрекет оның өзіне ғана емес, жол қозғалысының басқа қатысушыларына да қауіп төндірді.
Бейнероликті көргеннен кейін полицейлер оқиғаға қатысушыларды тез анықтады. «Кобальт» тізгінінде 27 жастағы жүргізуші болған. Ол жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жолаушы да жазаланды — қауіпсіздік белдігін тақпай жүргені үшін.
Полиция эффектілі видео түсіруге ұмтылу ойланбаған әрекеттерге себеп болмауы керек екенін еске салды. Жолдағы бір ғана бұзушылық ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Белдік тақпаған жолаушыны тасымалдағаны үшін жүргізушіге 5 АЕК (2026 жылы 21 625 теңге) мөлшерінде айыппұл салынады. Жолаушының өзі де, егер ол белдік тақпаған болса, жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Бұған дейін Курсив Авто 18 жастағы қазақстандықтың Audi люгінен салют атып, жазаланғанын хабарлаған болатын.


