Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шынтақтағы тері неге құрғақтанады және бұлай болмауы үшін не істеу керек

Мұның себептері құрғақ ауадан бастап ауыр дертке дейін әр түрлі болуы мүмкін.

Шынтақ терісінің ерекшелігі неде?

Бұл аймақтағы тері дененің өзге бөліктеріндегідей емес. Біріншіден, мұнда сулы-липидті қышқылды қабықшаны құрайтын май бездері мүлдем жоқ десек те болады. Осы себепті үстіңгі терілік қабат — эпидермис ылғал сақтаудан мүлдем сақталмаған. Арнайы табиғи қабықшасыз тері түлеп, тіпті жарылады.

Екіншіден, шынтақтағы тері үнемі қозғалыста болады: қосымша түсетін күшке шыдас беру үшін, ол созылып, қатая бастайды. Демек, бұл шынтақтың ғана емес, сонымен қатар басқа да дене бөліктері, яғни тізе және тобық терілерінің де маңызды мәселелері болып табылады.

Шынтақтағы құрғақ тері аса қауіп тудырмайды, алайда ол жарылып кеткенше жүруге болмайды. Терең қабатталған жарықшаларға бактерия мен вирус түскен жағдайда ауыр дерттерге шалдығуыңыз мүмкін.

Тері неліктен құрғайды?

Әдетте, жылдың суық кезеңінде ғимараттың ішіндегі құрғақ ауадан, температураның ауысуы және үнемі киімге қажалудан терінің жағдайы нашарлай түседі. Алайда, шынтақтағы тері жаз мезгілінде де құрғауы мүмкін.

Көбіне мына себептерден болады:

— Жуынуға арналған агрессивті құралдар эпидермисті одан әрі құрғата түседі. Мысалы, сілтілі сабын терінің қышқылды қабықшасын бұзады және де эпидермиске балансын қалпына келтіру үшін екі сағаттан алты сағатқа дейін уақыт қажет болады.

— Шынтақпен үстелге таяну да қосымша қысым мен қажалуды туындатады.

— Ыңғайсыз және синтетикалық киім де теріні тітіркендіреді.

— Ыстық душ қабылдау немесе моншаларға жиі түсу де себеп болады. Аса жоғары температурада ағза өз ылғалын жоғалтып, сезімтал бөліктер айтарлықтай сусызданады. Ваннаны жиі қабылдау душқа қарағанда зияны көбірек, суда ұзақ отыру эпидермисті сілтісіздендіріп, яғни қорғаныш қабатын зақымдайды.

— Бассейндегі хлорлы су. Шынтақтағы нәзік терінің химиялық заттарға аллергиясы жиі болмақ.

— Терінің жаңарып отыруы үшін қажетті витаминдер мен микроэлементтердің жетіспеушілігі де бір себеп болып табылады. Бұл жағдайда А және Е, биотин, цинк витаминдергі көмекке келеді.

Теріге қалай көмектесу қажет?  

Шынтақ терісіне қажетті күтім болмаған жағдайда қатпарланып кетеді. Дерматологтар мынандай кеңес береді:

— Суда мейілінше аз болыңыз, әсіресе ыстық және хлорланған судан алшақ болыңыз.

— Сабынның pH-ы терінің pH қышқылдығына жақынына ауыстырыңыз — 4-тен 6-ға дейін. Мысалы, құрамында сүттік қышқылы бар синтетикалық құралдарды пайдаланған жөн.  Ал триклозан, күкірт және бензоил қышқылы бар сабындарды күнделікті қолданыста қолданбаған абзал.

— Суға түсіп болғаннан кейін теріні міндетті түрде ылғалдандырыңыз. Осы арқылы жуылған липидті қабатты қалпына келтіресіз. Неміс дерматологы Йаэль Адлер өзінің кітабында күнделікті күтім жасау үшін органикалық майлар емес, әмбебап кремдерді ұсынады. Таза күйінде олар керісінше, липидтерді жуып, теріне одан сайын құрғата түседі дейді.

— Рационыңызға теріге пайдалы өнімдерді: жемістер, жидектер, жаңғақтар және тұқымдар, майлы балықтарды, яғни антиоксиданттарға бай және майлы қышқылдарсыз өнімдерді қосыңыз.

— Теріні күн көзінен, желден және суықтан қорғаңыз. Ауа райына сай киініңіз және көшеде ұзақ жүретін болсаңыз күннен қорғайтын кремдер туралы ұмытпағаныңыз жөн.

— Егер сіздің тері ауруыңыз болмаса, жеңіл пилинг немесе шөткемен жеңіл массаж жасаңыз. Мұндай үрдісті аптасына бір рет жасасаңыз жеткілікті.

Дәрігерге қай кезде қаралған жөн?

Егер күтімге қарамастан, шынтақ терісі қабыршақтанса, жарылса, жара пайда болса — елеңдеуге болады. Бұл құрғақтық денсаулықтағы үлкен ақаудың белгісі болуы мүмкін. Олардың кейбірін атап көрсетейік:

— Гормондық ауытқу. Мысалы, терінің ылғалдығын сақтайтын эстроген деңгейінің төмендеуі. Бұл гормонның ауытқуы әдетте климакс, жүктілік және етеккір кезінде байқалады.

— Диабет және эндокриндік жүйенің өзге бұзылыстары. Бұлар да терінің жағдайына әсер етеді және көбінде шынтақ және тізе терісінде байқалады.

— Анемия. Бұл ауруда темір жетіспеушілігінен гемоглобин түзілісі бұзылады.

— Шынтақ экземасы. Жарылу мен жазылмайтын жара түрінде байқалады.

— Псориаз. Қабыршақталған бөртпемен белгілі болады.

Аталмыш белгілерді өзіңізде байқасаңыз, дәрігер қабылдауына жазылыңыз. Нақты диагнозды нағыз маман ғана қоя алатынын ұмытпаңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Терінің қартаюын баяулататын коллаген қосылған 10 өнім

Атопиялық дерматит

Тері үшін пайдалы өсімдіктер

Тері обыры

Экзема


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама